«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Маңғыстау» индустриялық паркі іске қосылды

2017 жылғы 24 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5391 просмотров

Бүгін «Атамекен» Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында «Маңғыстау» индустриялық паркінің іске қосылуына орай брифинг өтті

Аймақтағы БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған брифингті «Атамекен» Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов ашып, индустрияық паркті іске қосу барысындағы кәсіпкерлер палатасының рөлі және болашақта кәсібін ашамын деген азаматтарға жасалатын жеңілдіктер мен жағдайларға тоқталды.

Ал Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрбек Қарасаев мемлекет тарапынан осындай жобаларға жасалатын қолдаулардың алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін мәлімдеді.

Кәсіпкерлер палатасы тарапынан индустриялық парк қызметіне жауапты тұлғалар «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Олжас Мусин мен «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, жобаларды сүйемелдеу және консалтинг бөлімінің басшысы Аққу Айтжанова кәсіпкерлерге арнайы ашылған парктің фукционалдық қызметі мен потенциалын ашып түсіндірді.

Брифинг аяқталысымен БАҚ өкілдері жаңадан іске қосылған «Маңғыстау» индустриялық паркінде арнайы баспасөз-турына қатысты.

Парктің бұрынғы Ақтау пластмасса зауыты аумағында орналасқандығын ескерсек, болашақ кәсіпорындар үшін инженерлік желі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу жағынан ешқандай қиындық жоқ. Зауыт аймағында жылына көлемі 294200 м3 техникалық және 5000 метр куб өнеркәсіптік суды тазарту мүмкіндігі бар құрылғы жұмыс жасап тұр. Демек кәсіпкерлер жұмыс процесі барысында бөлінетін өнеркәсіптік немесе кәріз суды алысқа бармай-ақ парк ішінен қайта тазартып алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Парк аумағында кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпорындардың бірі «Zhamal Ai LTD» ЖШС-нің «WEST DECOR» атты мекемесі.

Кәсіпорын пенопласт материалынан әртүрлі декоративті бұйымдар жасаумен айналысады. Өнеркәсіп жартылай автоматтандырылған. Компьютерден басқарылатын 3D принтер кез-келген өнім түрін жасап шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда кәсіпорын 20 шақты адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өнім түрлері негізінен құрылыс саласында жоғары сұранысқа ие.

Аймақ ішінде іске асып отырған жобалардың бірі – «Ақтау Ойл Маш» кәсіпорны. Парк аумағындағы өнеркәсіптік кешен мұнай-газ саласына қажетті бірнеше өнім түрін шығарады. Одан өзге әмбебап түрдегі «сэндвич панелдерін» құрастыру тапсырыстарын да қабылдайды. Металл өнімдерін шығаруға машықтанған кәсіпорынның сұранысқа байланысты сирек өнімдерді де дайындай алатын мүмкіндігі бар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер