«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда шағын кәсіпкерлік жанданады

2017 жылғы 08 Тамыз
- Маңғыстау облысы
5291 просмотров

«Бастау Бизнес» жобасы арқылы білім алғандар қаржыландыруға қол жеткізді

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылып отыр. Бес жылға жсопарланған жоба ауыл аймақтағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлікке бейімдеу мен қаржылық сауаттылығын ашуға, жеке кәсібін ашуына көмектесуге, жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

Биыл «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 80 ауданның ішінде Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы да бар. Шетпе , Жармыш, Шайыр ауылдарының тұрғындары білім алып, кәсіп ашудың қыр-сырын меңгеру үстінде. Бүгінде алғашқы 3 лек аяқталып, 4-топқа білім беру басталды.

«Осы жылы 6 лек оқыту жоспарланған. Маңғыстау ауданында алғашқы лекте 10-15 адамды оқытылса, одан кейінгі лектерде қатысушылар қатары екі есеге артты. Ауылда кәсіп ашып, шаруамды дөңгелетемін деген ағайынның ниеті зор», – дейді «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-жаттықтырушысы Раушан Бекқожа.

Бизнес-жаттықтырушының айтуынша білім алушылар мал шаруашылығымен айналысуға ден қойған. Арасында ойын-сауық орталығы мен тігін цехын ашудың да бизнес-жоспары дайындалған. Қазір бастапқы екі лекте білім алғандар қатарынан 6 тыңдаушы қаражат алып, шаруаларын бастады.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алушылар кәсіпті неден бастау керектігін, бизнес жүргізудің тетіктері, қаржыландыру институттары жайлы, нарықты зерттеу тәсілдері мен есеп-қисап жүргізуді үйренеді. Аймақта осы жоба бойынша білім алып, кәсібін жүргізіп отырған кәсіп иелерін таныстыруға арналған арнайы шараларды ұйымдастыру жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер