«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау үздіктері анықталды

2017 жылғы 20 Маусым
- Маңғыстау облысы
5987 просмотров

Маңғыстау облысында 19 маусымда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Байқау отандық өнімдерді көбейту, аймақ нарығында  өнімдерді жоғары сапалы және бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халық арасында сапа идеясын танымал ету мақсатында ұйымдастырылды.  Кәсіпкерлер бәсекесіне өңір басшысы Тоғжанов Ералы Ұлықпанұлы арнайы қатысып, оң бағасын берді.

Алдағы уақытта көрмені тамашалауға өңір тұрғындарының  қатысуы керектігін, ол үшін ауқымды түрде өткізу туралы ұсынысын білдірді. Байқауға  жергілікті 25 отандық  тауар өндіруші кәсіпорын қатысты. Сынақ  «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өтті.

«Өңірлік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша 1-орын АҚ «КазАзот» -на бұйырса,  «Каскор Машзавод» 2-орынды, «Шыныпластикалық құбырлар зауыты» ЖШС 3-орынды иеленді. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Жамал-ай» ЖШС 1-орын, Жекенова Асель ЖК 2-орын, Мебельная фабрика деЛюкс 3-орынды қанағат тұтты.   «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «НПП Kazakh Osseter» ЖШС 1-орын, «Maga Bread» ЖШС 2-орын және «Жансая тәттілері» 3-орынды қанжығасына ілді.

Облыс әкімі жеңімпаздар мен байқауға қатысушыларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады. Шараға облыс тұрғындары мен қонақтары қатысып, жергілікті кәсіпкерлер ұсынған отандық өнімдердің көрмесін тамашалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер