«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстаудың наны дәмді

2017 жылғы 13 Маусым
- Маңғыстау облысы
7678 просмотров

Маңғыстау облысындағы наубайхана үздік кәсіпорын атануға үмітті

«MAGA-BREAD» ЖШС наубайханасы «Алтын Сапа» және Қазақстанның үздік тауары байқауына қатысады. Бұл кәсіпорын «Архстройпроект» ЖШС-ның неміс мамандарымен бірлесіп жұмыс істейді. Сонымен қатар, нан-тоқаш өнімдерін пісіруде технологиясын Германия наубайшыларының арнайы әдісі қолданады.

«Maga-Bread» – еліміздегі ашытқы қамыр әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейінгі нан пісіру процесі толығымен автоматтандырылған және заманауи компьютер технологиясымен басқарылатын бірден бір зауыт. Нан зауытын технологиялық жарақтандыру үшін ең сапалы нан пісіру құрал-жабдықтары таңдалып білікті мамандар қызмет етеді.

Қазіргі заманғы және жетілдірілген «Мағаш нан» зауыты 2011 жылдың желтоқсанында құрылды. Дегенмен бұл наубайхананың тарихы  90-жылдардан бастау алады.

«Maga-Bread» зауыты тек нан пісіріп қана қоймай, 2016 жылдың соңында макарон цехын іске қосты. Бүгінгі таңда 9 макарондық өнімдер формаларының атаулары «МАГА макароны» және «МАГА pasta»  санитарлық нормалар мен стандарттық талаптарға сәйкес шығарылады. Бұл біздің өңірдегі Итальялық құрал-жабдық орнатылған, жоғары сапалы 7 макарон түрлерін өндіретін жалғыз зауыт.

Зауыт үш ауысымда жұмыс істейді. Барлық мамандар жоғары дәрежелі көпжылдық тәжірибесі бар. Олар технологтар, наубайшылар, слесарьлар, қоймашылар және т.б. Шамамен 300-ден астам қала тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған ірі кәсіпорындардың бірі. Сонымен қатар, зауыт өз өнімдерін өткізу мақсатында Ақтау қаласында орналасқан  300-ден астам сауда орындарына жеткізумен қатар өздерінің 30-ға жуық тікелей сату нүктелерін ашқан.

Аталмыш зауыттың өнімдері Ақтау қаласының тұрғындарының арасында сұрансықа ие. Өтімді топтамалары «Рахат», «Инкар» «Мағаш» және сондай-ақ тоқаш, тәтті бөлкелер т.б нан өнімдерін әзірлейтін «Мағаш нан» зауыты Маңғыстау өңірі бойынша көш бастап тұр.

Сапа сынға түсетін байқауда өз бағын сынамақшы кәсіпорын басшылығы халық арасында сұранысқа ие өнімнің үздіктер қатарынан көрінетініне сенеді. Бірақ «бақ шаба ма, бап шаба ма», уақыттың еншісінде. Айта кетсек биыл «Алтын Сапа» және «Қазақстаннның үздік тауары» байқаулары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясында өтпек. Ал Маңғыстау облысының өңірлік байқауы маусым айының 19 жұлдызында өткізу жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер