«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған семинар

2017 жылғы 08 Маусым
- Маңғыстау облысы
6165 просмотров

Ауыл кәсіпкерлеріне арналған семинар халықтың қызығушылығын оятты

2017 жылдың 5-6 маусым аралығында Ақшұқыр Мәдениет үйінде кәсіпкерлер палатасы және «Қазақ» ЖК бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласына арналған  семинар ұйымдастырылды. Семинарға дәріскер ретінде Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының маманы Серік Жантасов шақырылды.

Семинар барысында Серік Жантасов түрлі көкөніс және картоп ауыспалы егістері, тұқым өндірумен айналысатын шаруашылықтар үшін екіжылдық көкөніс дақылдарының қайта отырғызуды қажет етпейтін тұқым шаруашылығы технологиясы, суғармалы көкөніс шаруашылығында топырақтың құнарлылығын сақтау және қайта қалпына келтіру тәсілдері, көкөністердің барлық негізгі түрлері бойынша өсіру технологиялары құрастырылғанын және тыңайтқыштар мен зиянды организмдерге қарсы өсімдік қорғау құралдарын пайдалану жүйелері туралы түсіндірді.

Тәжірибе алмасу «Қазақ» ЖК қияр өндіретін жылыжайда өткізілді. Жеке кәсіпкер өз жобасын 2016 жылы бастаған.

«Осы жобаның жүзеге асырылуына көп тер төктік, соның нәтижесінде еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Бұл жылыжайдың іргесін күйеуім қалады. Бүгінгі күні ол қиярды қала нарығына шығарады. Өнімді баптап өсіруге көп уақытты және күтімді талап етеді. Ол үшін шыдамдылық керек. Біз өсірген өнімдерімізді тексеруге де бердік, олар бізге бұл өнімнің балаларға пайдалы екенін айтты. Ол біз үшін мақтаныш. Десе де әлі де көп тер төгу, оқып-іздену керек», – деді «Қазақ» ЖК иесі Нажиде Қазақ.

Нажиде ханымның айтуынша, ағымдағы жылы 10 сотық жерден 18500 келі, ал күз мезгілінде 14500 келі өнім алған. Осы жылдың алғашқы айларында 11 тонна өнім жинаған. Жылдың соңына дейін 20 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда екі есе артқанын дәлелдейді.

Айта кетейік, тәжірибе алмасуға келген қатысушылар қатары басым болды. Себебі олардың қызығушылығы артып, өз кәсіптерін бастауға мүмкіншіліктері бар.

Бұл жобаның мақсаты шаруалар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік жасап, сол арқылы өнім көлемін арттыру болып табылады.

Семинар соңында қатысушыларға оқыту өткендігі туралы сертификаттар табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер