«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті

2017 жылғы 01 Маусым
- Маңғыстау облысы
5467 просмотров

Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің кезекті отырысы өтті

Іскер әйелдер кеңесі өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, білім беру мен құқықтық қолдау көрсету шараларын атқарып отыр. Өңірлік кеңестің мүшесі Сәуле Салихова мен жобалар бойынша ассистенті Ақмарал Әбдіқұлованың қатысуымен өткен жиында қыз-келіншектердің бизнес-жобалары талқыланды.

«Қыз келіншектердің іскерлік қабілетін арттыру, жаңа байланыстар орнату, қарым-қатынасты нығайту мен өңірдегі туризмді дамыту – кеңес мақсаттардың бірі», ­– деп түсіндіріп өтті Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Сондай-ақ біздің кеңестің негізгі басым бағыттарының қатарында жұмысын жаңадан бастаған бизнестегі кәсіпкер әйелдерге консультациялық тұрғыда  бағыт бағдар көрсету бар.

«Әрине әр бастамаға қаражат ауадай қажет. Осы тұста біз бизнес жобаларына қаржылай қолдау тапқысы келетін іскер әйелдерге жеңілдіктермен екінші деңгейлі банктерден және МКҰ арқылы несие алуға қатысты ақпаратпен де сүймелдеп отырамыз», – деді Сәуле Салихова.

Сонымен қатар жиында тәжірибесі бар кәсіпкер әйелдер өздерінің  бизнес-жобаларын қалай бастғанын, қандай кедергілер мен қиыншылықтардан өткендері жөнінде баяндап, жас кәсіпкерлерге кеңес берді. Ең бастысы, жеке кәсібін бастаймын деген нәзік жандыларға заңгерлік кеңес, маркетинг дағдыларын дұрыс қалыптастыру яғни іскерлік мүмкіндігін арттыру бойыншада жұмыстар жүргізілетіні белгілі болды.

Қазіргі таңда әйелдерді табысқа жетсем деген талпынысының арқасында ерлердің ісі саналып келген салаларды дөңгелетіп отыр дейді өлкедегі Іскер әйелдер кеңесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер