«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Уақыты ақпарат алу жұмысты жеңілдетеді

2017 жылғы 15 Ақпан
- Маңғыстау облысы
9044 просмотров

Бухгалтерлер клубы бизнес өкілдеріне қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы барлық өзгертулер туралы ақпарат беруді жалғастырып келеді

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында Бухгалтерлер клубының кезекті отырысы өтті. Жиында 2017 жылдың 1айына, І тоқсанына статистикалық есеп пен 2016 жылдың есебін дайындау тақырыбында семинар өткізілді. Кәсіпкерлер сауалына Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Статистика департаментінің жетекшісі Римма Өтешова жауап берді. Сонымен қатар салық есебін өткізудің мерзімі мен талаптары, ҚҚС бойынша есепке қою және алу секілді бірқатар маңызды мәселелерге қатысты сауалдың жауабын Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының жетекшісі Жансерік Серіктен біле алды.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы мен Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы келешекте кәсіпкерліктің барлық субъектілерін кеңінен ақпараттандыруға бағытталған белсенді ынтымақтастықты дамыту үшін өзара түсіністік таныту және бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум аясында Мемлекеттік кіріс басқармасының ғимаратында Маңғыстау облысы ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ статистикалық есеп жөнінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тегін сервистік қызмет көрсететін кеңес беруші маман отырады деп шешілді.

Бухгалтерлер клубы «Атамекен» ҰКП бастамасымен кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік және салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, өзекті де түйткілді мәселелерді, сонымен қатар бухгалтерлік және салық заңнамаларында енгізіліп жатқан өзгертулерді түсіндіру үшін 2016 жылдың желтоқсан айында құрылған болатын. Клуб жұмысы мемлекеттік кіріс органының және басқа да мемлекеттік орган өкілдерінің, аудиторлық компания өкілдерінің және кәсіпорын бухгалтерлерінің қатысуымен дискуссиялық алаң түрінде ұйымдастырылған.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасынның жанынан құрылған Бухгалтерлер клубы алдағы уақытта кәсіпкерлерге қаржылық және бухгалтерлік есеп салаларындағы салыққа қатысты, түрлі сатып алуларға қатысудағы өзекті мәселелерді қарауға байланыс өзгертулер туралы ақпарат беріп тұратын болады. Мазалаған сауалдар болса Маңғыстау облысы Кәсіпкерлерке қызмет көрсету орталығына хабарласуға олады. Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, 2-ғимарат, 1-қабат, тел. 30-40-40, ішкі нөмер 4709


Еншілес ұйымдар

Серіктестер