«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тауар белгісі – компания беделі

2016 жылғы 10 Тамыз
- Маңғыстау облысы
16352 просмотров

Маңғыстаулық тауар өндірушілер мен аймақтық қызмет берушілерге тауар белгісі саласы бойынша заңнамалық нормалар түсіндірілді

Ұлттық зияткерлік меншік институтының  директоры Дархан Ғұмаров тауар белгісі мен оның қызметі туралы, сондай-ақ тауар белгісіне өтініш тәртібі, алдын ала және толық сараптама түсінігі  және тауар белгісі саласы бойынша заңнамалық нормаларды толық баяндап берді. Ол, сондай-ақ, тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау туралы мысалдар келтірді.

«Қарқынды дамып келе жатқан нарықтық қатынастарда, қандай да бір тауарды алға жылжыту ісінде немесе қызмет көрсету саласында жұмыс істеу барысында, тек қана өз тауарыңды және оның қызметін басқа тауарлардан ерекше етіп көрсетуді ғана ойлап қоймай, оны қорғау құралдарын да қарастырған маңызды. Өзіңнің бірегей тауар таңбаңды қорғаудың ең тиімді құралы оны тіркеу болып есептеледі», – деді ҰЗМИ басшысы. Оның айтуынша, Ұлттық зияткерлік меншік институты өнеркәсіптік меншік нысандарына өтініштерді сараптамадан өткізеді. Нақтырақ айтсақ: өнертабыстар, пайдалы үлгілер, тауар белгісі, тауар шығарылған жерлердiң атаулары, өнеркәсіптік үлгілер мен селекциялық жетістіктер. Институт арқылы қорғалған  құжаттарға мемлекеттік тізілім енгізу және  оларды беруге дайындау жүзеге асып жатыр.

Дархан Ғұмаров, сондай-ақ, кез-келген өндірілген тауарды тіркеу екі негізгі міндетті жүзеге асыратынын түсіндіріп берді. «Тауар белгісін тіркеудің біріншісі  - тауар иесіне айрықша құқық береді, және келесі жолы басқа адам қорғалған тауар белгісін пайдалана алмайтын болады. Екіншісі – бұл бәсекелестерден қорғаудың ең тиімді жолы. Одан бөлек, тауар белгісін рәсімдеп, алға жылжытуды сәтті жүргізгеннен кейін, өз құнын белгілеп, дараландыру құралдарынан материалдық емес активке  түрлендіруге болады. Мысалы материалдық емес активтер ретінде, өз иесіне пайда түсіріп отырған танымал брендтерден тауар белгісін, логотипін, брендін байқаймыз», – деп ҰЗМИ басшысы пікірін білдірді.

Өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғау саласындағы әділет органдарының жұмыстары, өнеркәсіптік меншікті қорғау әдістері және кезеңдері туралы облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы С.Бақсенов ақпараттандырды. Оның айтуынша, зияткерлік меншік құқығығын қорғау Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды көрсеткіші болып саналады.

Әділет оганының өкілі кәсіпкерлерге тауар белгісіне құқық алудың тіркеу рәсімі, фирмалық атауы, қорғалған құжаттың  қолданылу мерзiмi және алу тәртібі туралы түсіндіріп берді. Сондай-ақ, өзіңнің құрған зияткерлік меншік нысаныңды қорғау бойынша  уақытылы шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер