«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сауатты бизнес-жоспарға сүйенгенде...

2016 жылғы 28 Шілде
- Маңғыстау облысы
12499 просмотров

Экономикалық тұрғыда байыпталған бизнес-жоспар жаңадан ашылған кәсіпорынның қаржы алуына көмектесті 

«Электро-импульс Ақтау» ЖК – Маңғыстау облысының жаңадан құрылған  шағын кәсіпорындарының бірі. Осы заманғы технология мен материалдарды қолданудың арқасында бұл кәсіпорын әр түрлі модификациялы электр двигательдерді жөндеу және орау, сонымен қатар басқадай әр түрлі электр жабдығын  жөндеу қызметін   көрсетеді.  

Компания директоры Наталья Тагибованың айтуынша, осы өңірде бұрын қолданылмаған жаңа идеяны жүзеге асыру жолында олар көптеген кедергілерге кезігіп, қателіктерге ұрынды. Алайда Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауы арқасында идеяларын іске асырып, жаңа өндіріс ашқан.

«Маркетолог Мұрат Тоқсанбаев экономикалық тұрғыда негізделген бизнес-жоспар әзірлеп, ол «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында ішінара кепіл түрінде құпталды. Ал қазір  субсидиялау   жөніндегі комиссияның қарызды мақұлдауын күтіп отырмыз», – дейді ол. 

«Электро-импульс Ақтау»  ЖК-нің көлемі 100 шаршы метр болатын екі цехы бар. Цехтар барлық қажетті жабдықпен, құралдармен және құрылғылармен  жабдықталған, токарлық-фрезерлік учаске, дәнекерлеу посттары, құм ағынымен тазарту посты, материалдар сапасын кірме бақылау посты, қабылдау-тапсыру сынақтары стенділері, т.б  қамтитын, шығуды бақылау посты бар. Жөндеу цехының өнімділігі әр күн сайын артуда.

Ал енді электр двигательдерді орауға келетін болсақ, бұл амал қаржыны едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені сынған жағдайда  жаңа электр двигательін сатып алу қажет емес екен. «Электро-импульс Ақтау» ЖК мамандарына жүгіну жеткілікті, олар күрделілігі әртүрлі двигательдерді сапалы жөндеп береді. Күрделі жөндеу барысында жаңғыртып-жетілдіру  мүмкіндігі де бар. Бұл  әдіс – тапсырыс берушінің өндірісте неғұрлым  аз шығын жұмсауына қажет ең үнемді тәсіл.  

Шағын бизнес өңір экономикасының ең маңызды құрамдас бөлігі, сондықтан Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің жаңа өндіріс орындарын ашуға жол ашатын жаңа жобалары мен бастамаларын қолдауға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер