«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау – қарқынды дамып жатқан өңірлердің бірі

2016 жылғы 15 Маусым
- Маңғыстау облысы
17434 просмотров

Шетелдік инвестор Маңғыстаудың экономикалық даму серпініне осындай баға берді

«Kaz Energy Suppliers» ЖШС бас директоры Гурвир Хера «Маңғыстау» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшылығымен кездесіп, өңірдің әлеуетін жоғары бағалады.

Ол ӨКП өкілдерімен «Kaz Energy Suppliers» ЖШС өтінішкер болып табылатын «Маңғыстау облысындағы мұнай құрал-жабдықтары өндірісі» инвестициялық жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

«Маңғыстау» КҚО» ЖШС директоры Ақтан Исмаил шетелдік қонаққа инвестициялық қызметтің басым бағыттары бойынша мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларын түсіндіріп берді және Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығы туралы таныстырылым шарасын өткізді.

«Бүгінгі кездесудің мақсаты – шетелдік инвесторды қызықтыру, біздің өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсету. Сондай-ақ, біз Гурвир мырзаға  инвестициялық субсидиялар, заттай гранттар мен салықтан босату тәрізді инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары жайлы айтып бердік», – деді А.Исмаил.

Ол сондай-ақ, біздің өңірге инвесторларды тарту жергілікті экономикаға жағымды ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге «Маңғыстау» КҚО» ЖШС-нің инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөлімі қызметінің тиімділігін көрсетеді деп атап өтті.

Өз кезегінде  Гурвир Хера «Kaz Energy Suppliers» ЖШС өндіретін өнімдер, Маңғыстау облысы өндірісінің болжамды  қуаттары, өндірісті іске қосу мерзімі және жергілікті тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету туралы айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Маңғыстау облысы әлемдегі ең жедел дамып жатқан өңірлердің бірі болып табылады, сол себепті ол «Маңғыстау» КҚО» ЖШС-мен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер