«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүріп-тұру мүмкін емес

2016 жылғы 11 Мамыр
- Маңғыстау облысы
13163 просмотров

Көлік компаниялары мемлекеттік органдардан ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау үшін рұқсат беру уақытын қысқартуды сұрайды

Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен дөңгелек үстелде жүк тасымалдау компанияларының өкілдері республика аумағында  ауыр жүк тасымалына және ірі габаритті көлік құралдарына арнайы рұқсат алу қиын екендігін айтты.

«Бұрын бұл қызмет ХҚО құзіретіне өтпей тұрғанда проблемалар туындамайтын. Біз көлік инспекциясына барып, бір-екі күннің ішінде қажетті анықтаманы ала алатынбыз. Енді ХҚО қызметіне жүгінсек, рұқсат алу тіпті, 10 күнге дейін созылып кетеді. Біздің тапсырыс берушілер ұзақ күте алмайды, соның салдарынан шығынға батып отырмыз», – деп шағымданады «СпецТрансСнабМаңғыстау» ЖШС-ның өкілі Ольга Раваева.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің айтуы бойынша ХҚО-ның кеңесші қызметкерлері рұқсат алуға берілген өтінішке немқұрайлы немесе сауатсыз қарағандықтан, кей кезде қосымша құжаттарды қайта жинауға тура келеді екен.

Осыған орай, ақтаулық жүк тасымалдаушылар мемлекеттік органдардан ауыр жүк тасымалына және ірі габаритті көлік құралдарына берілетін рұқсат қағаздың мерзімін шектеуді сұрады. Сондай-ақ, олар ХҚО-да көліктік бақылау инспекциясының арнайы мамандары нақты әрі кедергісіз қызмет ету керектігін айтып, ұсыныс тастады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Олжас Қаржауов ӨКП мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға шара қолданылатындығын айтты және кәсіпкерлердің аталған мәселе бойынша Палатаға жазбаша өтінім берулерін сұрады.

Ол ауыр жүк тасымалы және ірі габаритті көлік құралдарының қауымдастыққа бірігулерін ұсынды. Қаржауов қауымдастық құра отырып, жүк тасымалдаушылар өз мүдделерін қорғауға және орын алған жағдайлардың оң шешімін табуға мүмкіндіктері арта түсетіндігін айтады. 

Айта кетер болсақ, Маңғыстау облысындағы көлік кәсіпорындары, аталған мәселе бойынша 2014 жылы да шағым түсірген болатын. Екі жыл өтсе де бұл іс өз шешімін таппаған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер