«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Норвег бизнесмендері Ақтауда жұмыс істеуге ниетті

2016 жылғы 04 Наурыз
- Маңғыстау облысы
15696 просмотров

Норвегия Корольдігі Елшісінің Астанадағы миссия басшысының орынбасары Вегард Стенсруд Маңғыстау облысы ӨКП басшылығымен кездесу өткізіп, ынтымақтастық төңірегінде әңгіме қозғады

Екі жақты кездесу барысында өңірлік кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Талғат Ноғаев, ҚР ҰКП негізгі қызметі, мақсаты мен алда тұрған міндеттері және аймақтың бизнес-климаты туралы шетелдік мейманға айтып берді.

«Алдымен бізді халықаралық стандарттарға сәйкес, сіздердің мұнай-газ саласына қажетті мамандарды даярлаудағы тәжірибелеріңіз қызықтырады. Оның үстіне, біздің білуімізше Норвегия балық шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр, бұл тәжірибеге де қызығушылық танытып отырған жайымыз бар», – деді ол.

Өз кезегінде Вегард Стенсруд, Норвегияның Қазақстандағы елшілігінің бірден-бер міндеті, инвесторларға Қазақстанның кез-келген аймағында өздерінің бизнесін кедергісіз жүргізуге ықпал ету екендігін атап өтті. Норвегияның экономикасы жаңа әріпестер табуға мүдделі, әсіресе мұнайгаз саласы, туризм, балық шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарды қарап шығуға дайын екендігін мәлімдеп отыр.

Басқосуда сөз алған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Олжас Қаржауов, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал етуге дайын екендігін жеткізіп, өңірдің бизнес-ахуалымен мұқият танысып шығуға шақырды және аймақта кәсіп өрбітуге барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. 

«Өңірлік кәсіпкерлер Палатасы өзінің қызметін кеңейту үстінде, ал жуық арада облыс әкімдігі инвесторлармен жұмыс жасау жөніндегі басқарманың функцияларын Палатаға береді деп күтілуде. Биыл біз негізгі үш басым-бағытты айқындап алдық, олар балық шаруашылығы, туризм және агроөнеркәсіп кешені, оның ішінде мал және егін шаруашылығын дамытуды қолға алатын боламыз. Алдағы уақытта Маңғыстаулық бизнес-делегация Германия және Норвегия елдеріне барады деп жоспарланып отыр. Менің ойымша, сіздің елшіліктің көмегімен біздің жоспарымыз ойдағыдай жүзеге асады», - деді ол.

Вегард Стенсруд ӨКП басшылығына алғыс айта отырып, екі ел арасындағы әріптестің қарым-қатынас жаңа деңгейге шығатынына сенімді екендігін жеткізді.

«Қазір қай мемлекетке болмасын оңай емес. Экономикалық қаржы дағдарысы әлі де болса өз салқынын сездіріп отыр. Осыған қарамастан, норвегиялық және қазақстандық компаниялардың көп болғандығын қалаймыз. Біздің ел балық шаруашылығын дамытуда тәжірибесі мол, Каспий теңізінде балықтың түрі бар, демек сіздерде тәжірибе жоқ емес. Бұл ретте біз ортақ мәмілеге келе алатынымызға сенімдімін. Мені қуантқан тағы бәр жәйт, сауда-экономикалық миссиясымен танысуға Норвегияны баруға мүдделі тараптың жинақталып жатқандығы. Өз тарапымыздан барлық сұрақтар бойынша жұмыс істейтін боламыз», – деп атап өтті Норвегияның сыртқы саяси ведомстваның өкілі.

Келіссөздер жүргізу барысында тараптар болашақта тығыз байланыс орнатып отыруға уағдаласты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер