«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арабтар «Нива» көлігі үшін Қазақстанға ағылуда

2016 жылғы 11 Ақпан
- Маңғыстау облысы
22916 просмотров

Автокөліктің бұл маркасы БАӘ-нің жолдары мен шөлдерін кезіп жүр

Бұл «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС Ақтаудағы филиалының өтінішін аз уақыттың ішінде қарап үлгерген Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының арқасында мүмкін болып отыр.

Бұған дейін тауардың шығарылған жері туралы сертификациядан туындаған проблемалардың салдарынан Біріккен Араб Әмірліктеріне өскемендік автокөліктерді экспорттау мүмкін болмаған. Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары араласқаннан кейін, тоң жіби бастады.

«Біздің шетелдік серіктесіміз келесі автокөлік топтамасын сатып алуға қызығушылық танытты. Бұл жеткізілім туралы сөз қозғағанда бірқатар ұйымдастырушылық мәселелердің басын ашуда қол ұшын созған Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының атқарған маңызды рөлін айта кету керек. Бұл біз үшін, сөзсіз, бірегей тәжірибе болмақ. Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шығу біздің жоспарымызда бар болатын, енді міне, ол жаққа автокөліктерді жеткізу бірінші рет сәтті жүзеге асты», – деді «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС Ақтау филиалының директоры Асқар Бұланбаев.

Алғаш рет «БИПЭК АВТО» Ақтаудағы филиалы өз автокөліктері топтамасын Түркіменстанның оңтүстігіндегі Мары қаласына жөнелткен болатын. «Нива» автокөліктерін сатып алушылар табылып жатқанын айта кету керек. Одан кейін Ақтауға Араб Әмірліктерінен де сатып алушылар келе бастаған. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялары тобының алдында Қазақстан мен Ресей аумағындағы филиалдық желіні дамыту тәжірибесіне сүйене отырып Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстанда бұдан кем түспейтін жоғары деңгейдегі ритейл ұйымдастыру міндеті тұр.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Мановтың айтуынша 2014 жылдың наурыз айынан бастап тауардың шығарылуы туралы сертификаттарды куәландыру және рәсімдеу қызметтері өңірлік палаталардың қолына өтті. «Аз уақыттың ішінде «БИПЭК АВТО»-ның Ақтаудағы филиалының «Жеңіл автокөліктер және өзге де моторлық тасымалдау құралдары» тауарлық тобына «СТ-КZ» сертификаттарын беріп үлгердік. Тұтастай алғанда сертификаттарды рәсімдеу көп уақыт алмайды, мұның бәрі кәсіпкердің құжат жинауына байланысты болады. Қажет болған жағдайда Өзбекстан, Түркіменстан, РФ, Әзербайжан, Иран және өзге де елдерге экспорттау кезінде сертификаттар беретін боламыз, оған қоса қазақстандық тауарларды экспорттау мәселесі біз үшін әрқашан басты назарда тұрады»,– деді ол.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы теңіз арқылы да, құрлық арқылы да көршілес елдермен экономикалық ынтымақтастық құру алдағы уақытта жалғасады деген сенімде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер