«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнайға арналған сервис

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
17111 просмотров

Маңғыстау мұнайға қызмет көрсету жөніндегі ірі сервистік орталыққа айналуға тиіс

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Жаңабай Сүйіндіков осылай деп мәлімдеді.

«Облыстың экономикалық даму стратегиясы, инвестициялық саясаттың қалыптасуы, оның индустриялық-инновациялық көрінісінің болашақ бейнесі – осының бәрі Өңірлік кеңестің белсенді әрі тікелей ат салысуымен жасақталуға тиіс. Маңғыстауды Қазақстанның Каспийдегі көлемді мұнайына қызмет көрсету жөніндегі ірі сервистік экономика өңіріне айналдыру туралы мәселе түрлі деңгейлерде көтерілді. Қазірде мұнай бағасының құлдырап кеткеніне қарамастан, бұл уақытша түйткілдер, және де жақын арада шешімін табады», - дейді Жаңабай Сүйіндіков.

Оның ойынша, Каспий мұнайына қызмет көрсету – бұл ондаған миллиард доллар тұратын және уақыт жөнінен көптеген он жылдықтарға таралатын салмақты тақырып. «Әлемдегі барлық көмірсутек байлықтарына ие қазіргі заманғы елдер бұл мәселеге бірінші кезекте мән береді, себебі ол жоғары технологиялы өндірістер қалыптасуы, жаңа жоғары жалақылы жұмыс орындары құрылуы, көлік-логистикалық және басқа инфрақұрылымдық, тұрғын үй және коммерциялық құрылыс нысандарының және т.б. өрістеуі саласындағы елдегі бизнес пен экономика үшін шексіз мүмкіндіктерден тұрады. Бұл тақырып көлемді синергетикалық әсерге ие», - деді Өңірлік кеңес басшысы.

Өңіріміз үшін маңыздылығы артық болмаса, кем түспейтін, Жаңабай Сүйіндіков көтерген келесі тақырып облысымыздағы негізгі шикізат – мұнаймен байланысты. Бүгінде мұнай химиясына, сондай-ақ дәстүрлі бейорганикалық химияға және міндетті түрде жоғары технологиялы аз салмақты химияға салмақты мән берілуге тиіс. «Өңірімізде ол үшін бар жағдай жасалған. Бұл жерде Маңғыстау халқы тығыздығының төмендігі өнеркәсіптік мұндай салаларын біршама сұранысты және шынайы қалпымызға барабар ететінін естен шығармау керек», - деп атады ол.   

Оның айтуынша, көлік инфрақұрылымы және логистика саласында өңір болашағы аса зор. «Олардың арасындағы айтарлықтай элементтердің бірі жағалау инфрақұрылымы болып табылады, және де Ақтау халықаралық теңіз сауда портымен тұйықталып қалуға болмайды. Жаңа порттар мен теңіз базаларын құруға жеке меншік инвестицияларды тарту жайлы мәселені пысықтау қажет», - деп санайды Жаңабай Сүйіндіков. 

Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауытының Маңғыстау облысында салынатыны тағы бір маңызды жетістік болып табылады. Павлодар, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы әрекет етуші үш мұнай өңдеу зауытының елдегі мұнай өнімдері нарығының қажеттілігін толық жаппайтыны белгілі. «Республика бойынша тапшылық шамамен бір жарым миллион тоннаны немесе жалпы нарықтан 30 пайызды құрайды. Бұл жерде Маңғыстау өңірінде мұнай өндіру көлемінің шамамен 18 миллион тонна құрайтынын ескеру қажет. Және де, ең бастысы, бізде мұнайды сыртқы нарықтарға экспорттауды қамтамасыз ете алатын Ақтау, Баутино және Құрық порттары бар», - деп атады Өңірлік кеңес төрағасы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер