«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ерекше бизнес

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
14723 просмотров

Ақтауда «Кухня» аспаздық студиясы ашылды

Қазақстанның теңіздегі астанасында Ақтөбенің тумалары ерекше бизнес – алғашқы аспаздық студиясын ашты. Зухра Таласова мен Гүлмира Айтжанова әйелдер тек қана әдемі көрініп, әдемі сөйлеп қана қоймай, дәмді тамақ жасай білу керек дейді.

Бірі көп жылдар бойы мұнай-газ саласында еңбек еткен, екіншісі бизнесте алғашқы жыл жүрген жоқ, мектепке дейінгі балалар мекемесі мен азық-түлік дүкенінің басшысы ретінде үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Бір күні қаламыз үшін бизнестің мүлдем жаңа түрін неге ашпасқа деген ой келеді. Ойланып толғанып барып аспаздық асүйін ашуға бел буады. Қателеспеген екен.  

Тура он күн бұрын есігін айқара ашқан "Кухня" қарапайым тұрғындардың назарын аудартып үлгерді. Бұл мейрамзана, дәмхана емес. Бұл әрбір келуші қонақ шеф-аспаздың сүйемелдеуімен тамақ әзірлеудің барлық қыр-сыры мен құпиясын аша отырып, бір шеберлік сабағында ертерек құрастырылған мәзір бойынша өзіне 3-4 тамақ түрін жасай алатын студия. Қонақ ретінде ересектер де, балалар да келе алады. Бұл әркімнің де бар қиялын салып, жасырын дарындарын көрсете алатын, тамақ әзірлеу кезінде ерекше керемет көңіл-күйге бөлейтін орын.

«Қаламызға әртүрлі дүниелер, жаңа формат, адамдар үйреншікті нәрселер алдынан шықпайтынына сенімді түрде баратын, ұмытылмас, тартымды, танымдық жаңа жобалар қажет! Уақыт пайдалы әрі ұнамды түрде өтуге тиіс. Сонымен қатар студиямызда корпоративтік аспаздық шеберлік сабақтарын, презентациялар өткізіп, ұжыммен келіп көңіл көтеруге, Батл, туған күн, шеф-аспаз Максим Зубриннің сүйемелімен шеберлік сабағы форматындағы бас қосу кештерін, отырыстар ұйымдастыруға болады. Аспазымыз үлкен тәжірибеге ие, айтар идеялары көп әрі аса шыдамды жан. Әрбір келуші қонақ жағымды, керемет көңіл-күймен қайтып жатады, себебі студиямыздың ауаны да жағымды. Үйдегідей жайлылық, бәрі-бәрі егжей-тегжейлі ойластырылған», - дейді бизнесвумен Зухра Таласова.

Аспаздық шеберлік сабақтары мен курстар кесте бойынша күн сайын және келушілерге ыңғайлы уақытта өткізіледі. Мұнда көңілді топта не тәжірибелі шеф-аспазбен бірге жалғыз оқу, классикалық тағамдарды немесе экзотикалық астарды игерудің тамаша мүмкіндігі ұсынылады.

«Өнімдер аса жоғары сапалы. Жанға жайлы ортада әрбір келуші қонаққа жұмыс орнын ұсына аламыз. Баршаны таңдаулы аспаздық шеберліктің таңқалдырар әрі танымдық курсына шақырамыз. Әсіресе отбасын құрғалы жүрген әрі ас әзірлей алмайтын қыздар үшін біздің асүй тура келеді», - деді кәсіпкер Гүлмира Айтжанова.  

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев та аталмыш асүйге келіп, италиялық және молдавалық тағамнан ауыз тиіп қайтты. Оның сөзінше, идея бұрын-соңды ешкімнің ойына келмеген әрі бұл бастама басқаларға мысал болуға тиіс. Бір айта кететіні, Ақтауда әлі күнге дейін тек ұлттық тағамдар берілетін нағыз қазақы асхана жоқтың қасы.  

Идея авторлары атап өткендей, он күн ішінде кем дегенде 50 адам келіп кеткен және олар жарнама ретінде «Facebook» және «Instagram» сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланады. Зухра мен Гүлмира осы жерде тоқтап қалмақшы емес. Жаңа бизнес жобалар ашуға бірнеше жоспарары бар, ол туралы таяу арада айтып беруге уәде берді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер