«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмендердің уақыты мен ақшасын үнемдеу

2015 жылғы 23 Қазан
- Маңғыстау облысы
13343 просмотров

Маңғыстаулық кәсіпкерлер келесі жылдан бастап қызметтерді онлайн режимде ала алатын болады

ӨКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Олжас Қаржауов осындай хабар таратты. Оның айтуынша, бүгінде КҚО-ға 564 субъект жүгініп, оларға 800 қызмет көрсетілген. Орталыққа келу көрсеткіштері 8 есе артқан. Сонымен бірге, КҚО директоры атап өткендей, кәсіпкерлерге ұшырасатын түйткілді тұстар да баршылық. Маркетинг бизнес-жоспар жазуды көздейді, және де 90% жағдайда ол кәсіпкерлерге кредит алу үшін қажет. Талдау 80% жағдайда бизнесмендердің құжаттары түрлі себептермен қабылданбай, банктерден ақша ала алмай жүргенін көрсетеді.

«Қазір кәсіпкерлерді тіркеу процесін автоматтандырамыз. Ол үшін әділет органынан деректер базасын алдық, оны тіркеу терминалына таңамыз. Осыдан соң ЖСН енгізсеңіз жетіп жатыр, өтінім автоматты түрде қалыптасады. Құжаттарды тіркеу процесін автоматтандыру ресімдеу уақытын 20 минуттан 1 минутқа дейін қысқартады, оның үстіне, бағдарлама қызметтер бойынша есептерлі автоматты түрде жасақтауға мүмкіндік береді», - деді Олжас Қаржауов. Оның айтуынша, сонымен қатар сұрақ-жауап форматында, онлайн режимде консультативтік қызметтер көрсету жөніндегі бағдарлама әзірленуде. Аталмыш бағдарлама 2016 жылы жүзеге асырылады. Бір айта кететіні, Маңғыстау облысы КП жанындағы КҚКО аталмыш ноу-хауды алғаш ашушы болғалы отыр.

Бизнесмендер кәсіпкерлерді белгілі бір түйткілдерін шешу үшін, консультативтік-кеңесу органдарына (ККО) кіреді. Алайда қажет нәтижелер алып, кәсіпкердің түйткілін шешіп беруге көмектесу үнемі қолдан келе бермейді. Көптеген мәселелер комиссияға жетпей қалып жатады, ал Өңірлік кеңес мүшелері бұдан хабарсыз болуы мүмкін. Ол үшін КҚКО мемлекеттік акт, пайдалануға беру актісі, құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат, техникалық шарттар және т.б. сияқты рұқсат ету құжаттарын қабылдау және беру бойынша бірыңғай терезе ашуды ұсынып отыр.

Әкімдікте өткен кездесу қорытындысы бойынша Ақтау қаласының әкімі  Серікбай Тұрымов КҚКО жанынан аталмыш қызмет түрін ашуға тапсырма берді, және де қараша айында жұмысын бастайды деп болжануда. Аталмыш жаңалықты енгізу құжаттарды қабылдау кезінде кедергілердің қай сатыда туындайтынын, кімнің әуреге салып жүргенін, қандай заңнама бұзылатынын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни бұл өзінше бір сүзгі болады, және де ақпарат та комиссия мүшелеріне бизнесмендер құқығына қысым жасайтын шенеуніктерге қатысты шара қолдану мақсатында жеткізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша әкімдіктің бұрын коммерциялық мақсатта жер телімдерін алған, бірақ қолданбай жүрген барлық кәсіпкерлердің тізімін ұсынуы жайлы келісуге қол жеткізілді.

«2016 жылы осы бос жатқан телімдер орналастырылатын алаңды жасақтау жоспарланып отыр. Қандай жобалар өзекті болатынын анықтау үшін, инвесторлар тартып, талдау жүргіземіз. Мәселен, 4 шағын ауданда жер телімі бар, алайда кәсіпкер қызмет жасайтын саласын анықтамаған. Талдау жүргізгеннен кейін ең оңтайлы нұсқа – шаштараз екені анықталған», - деді КҚКО басшысы.

Қала әкімдігі сонымен қатар облыс орталығы аумағындағы бұрын берілген, бірақ пайдаланылмайтын жер телімдері жайлы ақпарат ұсынуға дайын. Аталмыш телімдерге иелерінің өзекті жобаларды жүзеге асыруына ұсыныстар берумен талдау жүргізіледі де, қажет болған жағдайда КҚКО аталмыш жер телімдерінде бірлескен жобалар құру үшін инвесторлар тартпақшы.

Сонымен, әкімдік жанында инвесторларға қызмет көрсету орталығы әрекет етеді, оны кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен біріктіруге болар еді. Олжас Қаржауовтың айтуынша, инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері көбіне қолданыстағы артықшылықтар жайлы ақпараттан хабарсыз болып жатады, ал бірігу осы бағыттағы жұмысты жөнге салуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер