«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Танысып алайық, сосын қауымдасамыз

2015 жылғы 21 Қазан
- Маңғыстау облысы
12447 просмотров

Томск облысының ірі кәсіпорындарының басшылары Маңғыстау облысына бизнес-миссиямен келіп жетті

Ақтау мен Томскі іскер топтары өкілдерінің кездесуі Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында екі жақты форматта өтті.

ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Манов Ресейден келген әріптестеріне «Атамекен» ҚР ҰКП қызметі жайлы, ұйымның мақсаттары мен міндеттері, өңірдегі бизнес-климат жайлы жеткізіп, бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді. Ол томскілік компанияларды мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі зерттеуге, маңғыстаулық бизнесмендермен байланыс орнатуға шақырды. 

Сібірлік бизнесмендердің Ақтауға келу мақсаты қазақстандық әріптестермен кооперациялық байланыстар орнату болып табылады. «Байланыстар биржасы форматындағы екі жақты кездесулер барысында маңғыстаулық бизнесмендер Томск облысындағы ірі кәсіпорындар басшыларымен кездесті.

Олардың арасында кешендер және индукциялық қыздыру жүйелерін дайындаумен және өндірумен айналысатын «Магнит М» компаниясы, мұнай және газ, мұнай химиясы, энергетикалық өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалар үшін жабдықтар шығарумен айналысатын «Сибирский машиностроитель» ҒӨБ бар. Талдамалық аспаптар, әдістемелік және бағдарламалық жасақтамамен, даярлық сынамалары құрылғыларын, судағы, топырақтағы, тамақ өнімдеріндегі улы қоспаларды бақылауға және химиялық талдау жүргізуге арналған қосалқы жабдықтарды  өндірумен айналысатын «Томьаналит» ҒӨК қызметімен танысты.

Тараптар екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды кеңейтпекші. Соның ішінде бірлескен бизнес-миссиялар ұйымдастыру, экономикалық және инвестициялық форумдар өткізу жолымен.

«Екі өңірдің кәсіпкерлері ынтымақтастық туралы бірыңғай келісімге де келді. Бұл еш қиындық тудырмайды деген ойдамын. Байланыс деректерімізді қалдырдық, өңірлеріңіздің мүмкіндіктерін зерттеп шықтық. Егер келісе алатын болсақ, онда келісімді жүзеге асыру біздің екі жақты және көп қырлы ынтымақтастығымызға, байланыстың нығаюына, Томск және Маңғыстау бизнес субъектілері арасында жаңа келісімшарттар жасалуына, бірлескен кәсіпорындар құруға жаңа серпін береді. Осыған қатты сеніп отырмыз», - деді РФ Томск облысы сауда-өнеркәсіп палатасы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бөлім бастығы Дмитрий Немытьков.

Жұмыс күнінің екінші жартысында томскілік делегация «Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында болды. «ҚараҚұдықМұнай» ЖШС және «Buzachi Operating LTD» ЖШС мұнай-газ кәсіпорындары ұжымдарымен кездесті. 


Ұқсас жаңалықтар:

Ақтауға томскілік бизнесмендер келмекші
2 Қазан
2015
Маңғыстау облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер