«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер тобы келіп жетті!

2015 жылғы 21 Қазан
- Маңғыстау облысы
17484 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі жаңа мүшелермен толықты

Ақтауда Кәсіпкерлер палатасы жанындағы жаңартылған Іскер әйелдер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес құрамына бүгінде 17 бизнесвумен кіреді, оның ішіндегі ең жасы 25 жаста. Сонымен қатар Қарақия ауданының өкілі де қосылды. Жаңадан келгендер ішінен банк саласы мен медицина аумағындағы басшыларды атауға болады

«Біздің Кеңес әйелдердің өзін-өзі ұйымдастыруына, оның өңірдегі экономикалық, қоғамдық және рухани өмірдегі ролін көтеруге, көшбасшылық сапаларын және әйелдер бастамаларын дамытуға жүйелі әрі мақсатты түрде жәрдемдесетін болады», - деп мәлімдеді Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Сәуле Салихова кездесуді аша отырып.

Іскер әйелдер кеңесі дәрігер әйелдермен, стилистермен, сәнгерлермен, психологтармен және жас бастамшыл топтармен кездесу өткізуге дайын. Бизнесте бірнеше жылдан бері келе жатқан әйелдер түрлі салалардағы атқарған дүниелерімен бөлісіп, өз хоббилері мен жетістік тарихын ортаға салып, барлық тілек білдірушілер үшін шеберлік сабақтарын өткізе алады.  

Іскер әйелдер кеңесінің өңірде көптеп кездесетін басқа да қоғамдық ұйымдармен іскерлік қатынастарды дамыту жөніндегі алдағы жұмыстарды жақсартып, басқа қалалардағы әйелдер бірлестіктерімен достық байланыстарды дамытуды бастамалауы қажет екені аталды.

«Өлкеміздің болашағы Іскер әйелдер кеңесіне кіретін белсенді әйелдер қолында болуға тиіс. Белгіленген мақсатқа жету үшін ынтамен жұмыс жасап, қоғамымызға пайдалы іс тындыруымыз қажет. Біз бұған дайынбыз», - деп баса көрсетті Сәуле Хәлелқызы.

Кеңес мүшелері отырыстан кейін әріптестерінің бизнес-қызметімен танысуға шешім қабылдады. Танысу «EtonHouseKazakhstan» халықаралық мектебінен бастау алды. Білім алушылар мектепте таңғы 8-ден кешке дейін болады. Мұнда олар бос жүрмейді: шахмат, музыка секциясы, ақпараттық технологиялар бойынша үйірме, бейнелеу өнері, гимнастика, таэквондо, хореография топтары және басқалары. «EtonHouse» орталығына әлемдегі 12 елдегі 100-ден астам мектепке дейінгі мекеме мен мектеп кіретінін айта кету керек. Қазақстанда аталмыш халықаралық компания Ақтаудағы алғашқы мектебін осы жылдың қыркүйек айында ашты. Мектепте ағылшын тілін меңгерген педагогтардың жұмыс жасайтыны, және де көптеген пәндердің дәл осы тілде берілетіні, оқудың сингапурлық әдіспен жүретіні Кеңес мүшелерін таңқалдырды.

«Болашақ» Заманауи білім беру академиясының балалар бақшасы да Кеңес мүшелерінің қызығушылығын тудырды. Оны да қыркүйек айында Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ғалия Шаққұзова ашқан еді. Жайлы, ыңғайлы, балалар үшін бар жағдай жасалған, оқу, демалыс аймақтарымен және балаларға арналған сан-алуан дамыту құралдарымен (ағылшын тілін тереңдете оқыту, шахмат, хореография, спорт секциялары және басқалары) жабдықталған балабақша келушілерді өзіне баурап алады. Балабақшада балаларды дамытуға және тәрбиелеуге бар жанын салатын, мамандығына шын берілген тәжірибелі тәрбиешілер мен мамандар қызмет етеді.

Бұдан кейін Кеңес мүшелері қаркүйек айында кеңес мүшесі Маржан Орманова ашқан «SOFIEMEDGROUP» Көп салалы клиникасы» ЖШС-ға келді. Клиника өз көлемімен, жанға жайлы ауанымен жақсы әсерге бөледі. Оны ойланбастан халықаралық деңгейдегі клиникалар қатарына жатқызуға болады. Барлық бөлімшелерде жалпы және тар бейінді медициналық бағыттар бойынша ультразаманауи жабдық орналастырылған. Қолданылатын медициналық технологиялар кез-келген қиындықтағы диагностикалық процедураларды орындауға және ауруды клиникалық белгілері білінгенше, ең ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Клиниканың стационарлық палатасында қайда жүргеніңді ұмытып кетесің. Бес жұлдызды қонақ үй нөміріне түскендей әсерде қаласың. Клиникада Грузия мен Ресейден шақырылған тәжірибелі дәрігерлер қызмет жасайды.

Қаламызда іскер әйелдердің қазіргі кездегі барлық қиындықтарға қарамастан, халыққа қажет осындай жоғары деңгейдегі бизнес-жобаларды ашып жатқаны көңіл қуантады. Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі жүргізген жұмыстардың арқасында әйелдер басқарып отырған компаниялар саны ұлғаярына, Кеңестің бизнесін бастағысы келетіндерге жан-жақты қолдау көрсетеріне сенеміз.

ӨКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің желтоқсан айының ортасында өңірлік деңгейде әйелдердің алғашқы іскерлік форумын ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын атап өтеміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер