«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Байланыстар келісімшарттарға әкеледі

2015 жылғы 02 Қазан
- Маңғыстау облысы
12671 просмотров

Маңғыстаулық кәсіпкерлер Астраханда өтетін форумға шақырту алды

Қазан айының соңында РФ Астрахан облысында «Экспортқа бағдарланған шағын және орта бизнес өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің инновациялық негізі ретінде» конференциясы өтеді. Ресейлік әріптестер Маңғыстау облысының іскер топтарының өкілдерін шақырып отыр.

Аталмыш іс-шараны Астрахан облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ұйымдастырады. Конференцияны өткізу өнімін ішкі және сыртқы нарықтарға өркендетуге мүдделі қазақстандық шағын және орта кәсіпорындардың әрекеттестік алаңын құруға мүмкіндік береді. Конференция аясында Астрахан облысы шағын және орта бизнесі, Ресей мен Қазақстан өңірдерінің кәсіпкерлері қатысуымен «келісім-шарттар» биржасы өтеді. 

ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Мановтың айтуынша, Астрахан облысы үшін Қазақстаннан келетін әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту басымдылықты мәнге ие. Маңғыстау облысымен біршама қарқынды сыртқы экономикалық байланыстар жасалуда.

«Астраханға сапар жасау үшін жергілікті кәсіпкерлерден делегация жасақталады. Жақында өтінімдер қабылдауды бастаймыз, және де барлық тілек білдіруілерді белсенділікке шақырамыз. Сапардың пайдалы боларына, және де бизнесмендеріміздің ресейлік әріптестерімен байланыс орнатып, ынтымақтастықты кеңейтеріне сенімдімін», -  деді ол.

Астрахан облысының аумағында қазақстандық капиталдың қатысуымен 43 кәсіпорын тіркелгенін атап өту керек. Олар қызмет көрсету, көтерме сауда, көлік және байланыс, құрылыс, балықты қайта өңдеу, консервілеу және басқа да салаларда қызмет жасайды.

Астрахандық кәсіпорындар құрылыс материалдары, азық-түлік, жабдықтар сияқты қазақстандық нарықта сұранысқа ие өнімдерді шығарады. Қазақстаннан келіп түсетін тапсырыстар өңірдегі кеме жасау кәсіпорындарының қызметінде үлкен роль ойнайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер