«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сатып алу керек пе жоқ па?

2015 жылғы 24 Маусым
- Павлодар облысы
16511 просмотров

Кәсіпкерлер бұрынғы әлеуметтік мақсаттағы нысандарды жекешелендіру туралы сөз болғанда осындай сауалға жауап іздейді

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасында жақында ғана өткен дөңгелек үстелдің тақырыбы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселесі болды.

Облыстағы қаржы басқармасының өкілі өңірдегі жекешелендіру барысы жайлы айтып берді. Оны өткізудегі бірінші кезекті қағида ашықтық, лауазымды тұлғалардың жекешелендіру өткізудегі жауапкершілігі және ұсынылған деректердің дәйектілігі болып табылады.

«Жекешелендірудің негізгі мақсаты мемлекеттік активтер құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік бюджет шығыстарын азайту, инвестициялар тарту болып табылады», - деп баса көрсетті облыстағы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Сандыбек Дүйсенбеков. 

Шенеуніктің түсіндіруінше, бүгінде мемлекет кәсіпкерлік қызметке тікелей немесе жанама түрде танылған. Қазақстандық бизнес жағымсыз жағдайларда қалып отыр, себебі мемлекеттік компаниялар экономикамыздың көптеген тауашаларында қысым көрсетеді. Осының барлығы іскерлік климаттың нашарлауына, шағын және орта бизнестің баяу дамуына әкеледі.

«Шын мәнісінде, мемлекеттік мүлік нысанын жекешелендіре отырып, жаңа қожайын дайын бизнеске ие болады, жұмысшы кадрларды іздеудің қажеті жоқ. Екіншіден, материалдық-техникалық база бар, бизнесті дамыту үшін бастама көтеру мүмкіндігі бар», - деді Сандыбек Дүйсенбеков.

Әлеуметтік нысандарды жекешелендіру жағымсыз салдарға әкелмейді ме? Шенеунік сендіргендей, әлеуметтік нысандар өз әлеуметтік бағытын, қызмет бейінін сақтап қалады. Ал бұрын болған мемлекеттік тапсырыс, мысалы, ұйымның жекешелендіруге дейін болған тапсырысы сақтала ма, жоқ па, жаңа қожайынның оны жүзеге асыру байқауын жеңіп шығу-шықпауына байланысты болады.  

«Бізге Палатаға өтініштер келіп жатады, кәсіпкерлерді қызықтыратыны: «Мемлекеттік мүлікті сатып алған жағдайда не аламыз?» немес «Меншік формасын өзгерткен жай кәсіпорында қала ма?». Мұндай сауалдар бизнес-қоғамдастық арасында жекешелендіру бағдарламасын жете түсінбеуді байқатады. Қақтығыс жағдайлары орын алмас үшін, әлеуетті сатып алушыларға ықтимал қарыздар және басқалары сияқты күтпеген кедергілер жайлы ашық та егжей-тегжейлі ақпараттандыру қажет деп ойлаймын», - деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Байсейітов.

Бір айта кететіні, әзірше өңірде бір ғана нысан жеке меншікке өтті. Бұл коммуналдық меншікте болған Павлодар салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы. Кәсіпкер 12 млн теңге төлепті…


Еншілес ұйымдар

Серіктестер