Құрылыс жұмысына Алматыда рұқсат алу
Объект құрылысын қолға алмақпыз. Жұмысқа қандай рұқсат қажет?
Құрылыс рұқсат етілген қызмет түріне жатады. Қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат алу үшін infoalmaty.kz деректер толтыру керек.
6 сәуірде қағаз анықтамалардан бас тартқан соң Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жедел штаб рұқсат етілген салалар, қызмет түрлері, сондай-ақ қала тіршілігіне қажетті кәсіпорындар тізімі негізінде жаңа базаны қалыптастыра бастады. Кәсіпорын жетекшісі өзі тізімн құрап, оны жедел штабқа жіберуі керек болатын, штаб қызметкерлері өтінішті қол режимінде қарайтын. Мақұлдаудан кейін штаб өтініштерді “Сергек” базасына енгізу үшін Полиция департаментіне жіберіп отырған. Бір ғана өтініш үшін 8 сағаттан 1 тәулік уақыт кететін.
Бұл процесті тездету, сондай-ақ қателіктерге орын бермеу үшін infoAlmaty.kz порталы іске қосылды. “Атамекен” ҰКП процестің операторы қызметін атқарады, бірақ қала бойынша қатынауға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім қабылдауға құзіреті жоқ. Қала бойынша қозғалуға рұқсатты беру жөніндегі шешімдерді Алматы қаласы әкімдігінің жедел штабы қабылдайды және қала әкімшілігі құзыретінде қалады. Осыған байланысты «Атамекен» мамандары кәсіпкерлердің рұқсат беруден бас тарту себептерін түсіндіру бойынша өтініштерін қанағаттандыра алмайды, өйткені бұл шешімдер Ұлттық палатаның құзыретіне кірмейді. Осы ретте өтінішті толтыру, құжаттарды беру мәселелерімен кәсіпкерлер Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады, төтенше жағдай кезеңінде қала бойынша жүруге қатысты барлық ақпарат ресми телеграмм-каналда жарияланады.
Вернуться ко всем вопросам
Біз туралы
Бизнесті қорғау
Салалық кеңесі
- Көлік және логистика салалық кеңесі
- Өңдеу өнеркәсібі және базалық салалар кеңесі
- Салалық денсаулық кеңесі
- Салалық білім кеңесі
- Сауда және туризм салалық кеңесі
- Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салалар кеңесі
- Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі салалық кеңесі
- Агроөнеркәсіптік кешені салалық кеңесі
Бизнесті қолдау
- Қаражатсыз қолдау
- Іскер әйелдердің өңірлік кеңесі
- Адам капиталының дамуы
- Санитарлық дәрігердің қаулылары
- Сенімді серіктестіктің тізілімі (ІЭҚ)
- Өңірлік кәсіпкерлердің даму картасы
- Туризм
- Елді мекендердің бас жоспарлары