Тепловизор және термометрлерді сертификаттау. Аталған өнімді сертификаттаудың ережесі қандай?
Қазақстан Республикасына адам денесі температурасын өлшеу үшін тепловизорлер мен термометрлерді әкелуді жоспарлап отырмын. Ол үшін қандай құжаттар керек?
Адам денесін өлшеуге арналған құралдар өлшемдер мен салыстырудың біркелкілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің тізілімінде тіркелуге жатады.
Тіркелген құралдар туралы ақпаратты «Қазақстан метрология институты» РМК ( ары қарай – Институт) сайтынан «Өлшеу құралдарының бекітілген түрлері» бөлімінен алуға болады.
Егер аталған өнімдер тізілімде тіркелмеген болса, сізге Институтқа оларды тіркеу бойынша өтініш беру керек. Тізілімге
тіркеу тәртібі Институт сайтында «Қызметтер» бөлімінде жарияланған.
Тізілімге тіркелген соң өлшеу құралдары тексеруге жіберіледі. Тексеру аккредиттелген зертханалармен жүргізіледі. Аккредиттелген зертханалар туралы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС сайтында «Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі» бөлімінен табуға болады.
Вернуться ко всем вопросам
Біз туралы
Бизнесті қорғау
Салалық кеңесі
- Көлік және логистика салалық кеңесі
- Өңдеу өнеркәсібі және базалық салалар кеңесі
- Салалық денсаулық кеңесі
- Салалық білім кеңесі
- Сауда және туризм салалық кеңесі
- Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салалар кеңесі
- Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі салалық кеңесі
- Агроөнеркәсіптік кешені салалық кеңесі
Бизнесті қолдау
- Қаражатсыз қолдау
- Іскер әйелдердің өңірлік кеңесі
- Адам капиталының дамуы
- Санитарлық дәрігердің қаулылары
- Сенімді серіктестіктің тізілімі (ІЭҚ)
- Өңірлік кәсіпкерлердің даму картасы
- Туризм
- Елді мекендердің бас жоспарлары